Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Ольга Шишигинаны Жауғаштыдағы әйелдер колониясына апарды (ВИДЕО)

25.09.2024, 23:25

Ол түрмедегі әйелдердің тезірек бостандыққа шығуын тіледі

Ольга Шишигинаны Жауғаштыдағы әйелдер колониясына апарды (ВИДЕО)
parlam.kz

Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ге қарасты №10 мекеме яғни әйелдер колониясына Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишгина барды.

Жауғашты елдімекеніндегі түрмеде «FANTASY SPARTAKIADA-2024» жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті. Жабылу салтанатына кәсіби спортшылар қонаққа шақырылды. Арасында жеңіл атлетикадан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина да бар.

«Бұл мекемеге бірінші рет келуіміз, шынын айтқанда, концерттің ұйымдастырылуы, қатысушылар мен көрермендердің ауқымы, сондай-ақ әсерлі би қойылымы бізді таң қалдырды. Әйелдерге зор денсаулық және тезірек бостандыққа шығуын тілейміз», - деді Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам