Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Абдулрашид Садулаев жаңа салмақта әлем чемпионатында күреседі

02.10.2024, 09:24

Ол Париж Олимпиадасына қатыса алған жоқ

Абдулрашид Садулаев жаңа салмақта әлем чемпионатында күреседі
borba42.ru

Париж Олимпиадасынан тыс қалған Ресейдің танымал балуаны Абдулрашид Садулаев әлем чемпионатына қатысатын болды.

Еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы атанған ол бұл жолы олимпиадалық емес болып саналатын 92 келі салмақ дәрежесінде белдеспек. Спортшы бүгін өз елінің құрамасында өткен іріктеуде жеңіске жетті. Енді ол қазан айының соңында Тиранада өтетін әлем чемпионатында сынға түседі.

Айта кететін жайт, 92 келіде АҚШ-тың белгілі балуаны, 86 келіде Токио Олимпиадасының және әлемнің 3 дүркін чемпионы Дэвид Тейлор да белдеседі.

Садулаев 2013-2016 жылдары 86 келіде белдесіп барлық маңызды жарыстарды ұтты. Оның ішінде Рио Олимпиадасы, екі әлем чемпионаты мен Еуропа ойындары секілді турнирлер бар. Ал 2018 жылы 92 келіде Ярыгин турнирінде және Еуропа чемпионатында топ жарған. Кейін ол 97 келіде белдесіп, Токио Олимпиадасында жеңімпаз атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам