Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Азия чемпионына жасалған қастандық: оқиғаның мән-жайы анықталды

02.10.2024, 10:21

Исахановқа пышақ сұққан күдікті ұсталды

Азия чемпионына жасалған қастандық: оқиғаның мән-жайы анықталды
әлеуметтік желі

Дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы Дамир Исахановқа неліктен қастандық жасалғаны белгілі болды. Спортшының туыстарының айтуынша, ол екі жыл бойы өз қаржысын қайтара алмай келеді. Ал сол қарызға берген қомақты қаржысын сұрағаны үшін оған қастандық жасалған көрінеді. Бұл туралы КТК телеарнасына мәлімдеді.

Полицейлер қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, Исахановқа пышақ сұққан күдіктіні ұстады.
Оқыс оқиға осыдан екі апта бұрын тапа-тал түсте болған. Қаладағы мейрамханалардың біріне қарыз алғандармен сөйлесуге барған спортшы әңгіменің ушыққанын біліп, аулаға шыққан. Көлігіне міне бергенде, бір топ ер азамат дзюдошыны қоршап алып, жүрегінің тұсына пышақ сұққан. Дәл осы сәтте оқиға орнында Дамирдің енесі де болған.

«Ұрыс шамамен 5-10 минутқа созылды. Олар боқауыз сөздер айтып, «өлтіремін» деп, бірнеше рет қорқытқан. Мен жүгіріп келгенде, Дамир қанға боялған күйде субұрқаққа құлап кетіпті. Біз осы күнге дейін тергеушінің жұмыс істеп жатқанын көрмедік. Алғашында «күдіктілер ұсталды» деп айтты. Ал келесі күні бәрі тып-тыныш», - деді Дамир Исахановтың енесі Сәуле Сабырханова.

Мұны тек жеңіл жарақат деп, істі жауып тастаған көрінеді. Дзюдошының жағдайы қазір бірқалыпты. Ота жасатып, күтініп жүр. Ал 300 мың АҚШ долларын спортшыдан қарызға алып, кейін оған пышақ сұққан күдікті ұсталыпты. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

«Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жан-жақты, толық және обьективті қағидатына сәйкес жүзеге асырылуда. Тергеу Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Екі жылға созылған даудан қарызға алушылар спортшыға үй сыйлап құтылмақшы болған. Алайда оны да босатып бермеді дейді спортшының енесі. Енді «не үйсіз, не ақшасыз қалдым» деген Дамир істің соңына дейін барғалы отыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам