Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қазақстандық танымал пара таеквондошы қайтыс болды

02.10.2024, 10:45

Нышан Өмірәлі екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы атанған

Қазақстандық танымал пара таеквондошы қайтыс болды
gov.kz

Пара таеквондодан ұлттық құрама мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нышан Өмірәлі Елубайұлы өмірден озды. Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының Facebook желісіндегі ресми парақшасына хабарлады. 

«Нышанның артында жары мен үш баласы қалды. Ағайын, туған-туыстары мен барша жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», - делінген орталық таратқан мәліметте.

Нышан Өмірәлі Жамбыл облысы Тараз қаласының тумасы. Ол 17 жасынан спортпен айналысып, бүгінгі күнге дейін екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар Азия ойындарының және көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері. Токио-2020 және Париж 2024 Паралимпиада ойындарының қатысушысы. 

Нышан Өмірәлі Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетіп, қола медаль үшін де бәсекеде сынға түскен еді. Пара таеквондодан +80 кг салмақ дәрежесінде К44 санаты бойынша Иран өкілі Хагшенас Хамедпен қола медаль үшін бәсекеде кездесті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 14:16 есебімен есе жіберген болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам