Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

ХОК Ресей мен Беларусь спортшыларына Париж олимпиадасына қатысуға рұқсат берді

08.12.2023, 21:47

Алайда, соғысты қолдайтын ресейліктер жарыстарға жіберілмейді

ХОК Ресей мен Беларусь спортшыларына Париж олимпиадасына қатысуға рұқсат берді
Фото ашық дереккөзден

Халықаралық Олимпиада Комитеті Ресей мен Беларусь спортшыларын келер жылы Парижде өтетін сынға қатыстыратын болып отыр. Алайда, Ресей әскерінің Украинада басқыншылық соғысын жүргізуіне байланысты аталған екі ел спортшылары бейтарап тумен жарысқа шығады. Яғни, бірінші орын алған жағдайда Ресейдің де, Беларусь елінің әнұраны шырқалмайды және туы көтерілмейді.

Бұл туралы халықаралық ұйымның ресми сайтында ақпарат жария болды. Онда қос елдің барлық спортшыларына іріктеу турнирлеріне қатысуы қатаң талап бойынша жүзеге асатыны айтылған.

2024 жылы Парижде өтетін сында әлемнің 4600 спортшысының ішінде бейтарап ту астында өнер көрсететін әзірге 11 спортшы ғана бар. Оның 8-і орыс спортшылары болса, қалған үшеуі Беларусь еліне тиесілі.  

Бұл ретте комитет спортшыларға қойылатын кейбір талаптарға ерекше назар аударып отыр. Яғни, 2024 жылғы Олимпиада ойындарына соғысты белсенді қолдайтын қатысушылар қатыстырылмайды. Ресей мен Беларусь әскери күштерімен, сондай-ақ осы елдердің ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісімшарттары бар спортшылар да іріктеуге жіберілмейді.

Парижде Ресей мен Беларуссияның туы, әнұраны, түстері немесе басқа мемлекеттік рәміздері болмайды. Сондай-ақ, Ресей мен Беларусь шенеуніктерінің ешқайсысы Олимпиадаға шақырылмауымен қатар, тіркеуден өтпейді.

Бұған дейін Ресей спортшылары Токиода өткен олимпиада ойындарында да елдің Олимпиада комитетінің туы астында өнер көрсеткен еді. Ал, 2022 жылдың ақпан айының соңында Ресей әскері Украина аумағына басып кірген соң барлық спорт түрі бойынша халықаралық қауымдастықтар орыс спортшыларын барлық жарыстан шеттетті. Алайда 2023 жылы бокс, күрес және дзюдодан Ресей спортшылары әлем чемпиона қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам