Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

Қазақ азаматы халықаралық дзюдо федерациясына лауазымды қызметке тағайындалды

10.12.2023, 09:47

Бұрын бұл қызметте Қазақстан азаматтары болмаған

Қазақ азаматы халықаралық дзюдо федерациясына лауазымды қызметке тағайындалды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан өкілі халықаралық дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Алдағы уақытта «JENYS» дзюдо клубы қамқорлық кеңесінің төрағасы Алмаз Әлсенов IJF басшысымен бірге қызмет атқармақ.

Халықаралық федерацияға жауапты қызметке бекітілген отандасымыз кезінде дзюдомен шұғылданған. Жастар арасында Азия біріншілігінің қола жүлдегері. Сонымен бірге, көптеген халықаралық және республикалық турнирде жеңімпаз атанған.

Алмаз Әлсенов 1981 жылы 14 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ол Бекет Махмұдов ҚР дзюдо федерациясына президент болған тұста аталған ұйымда және Азия дзюдо қауымдастығының маркетинг жөніндегі директоры лауазымын атқарған.

Айта кететін жайт, ол халықаралық дзюдо федерациясында басшылық лауазымдардың біріне бекітілген алғашқы қазақ азаматы болып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам