ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Кениялық атлет Қазақстанға алтын сыйлады

03.10.2024, 11:50

Ол Le Lion жартылай марафонының жеңімпазы атанды

Кениялық атлет Қазақстанға алтын сыйлады
ҰОК

 

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Дейзи Джепкемей Белфорт қаласында (Франция) өткен Le Lion жартылай марафонының жеңімпазы атанды.

Спортшы бұл қашықтықты 01:07:54-те бағындырып, мәреге бірінші болып жетті.

Екінші орын Угандадан келген Аннет Челангатқа бұйырды - 01:09:58.

Қола жүлдені Меселу Кахсай (Эфиопия) жеңіп алды – 01:10:18.

Айта кетейік, Дейзи Джепкемей Қазақстанға Кениядан келген спортшы. Ол Париж Олимпиадасында 17-орын алған еді.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам