Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Атырауда алғашқы рет «AUYL SPORT – 2024» лигасы өтті

Бүгін, 15:30

60-тан аса спортшы республикалық лигаға жолдама алды

Атырауда алғашқы рет «AUYL SPORT – 2024» лигасы өтті
AUYL SPORT

3-6 қазан күндері Атырау қаласында ауыл спортын дамытуға бағытталған алғашқы  «AUYL SPORT – 2024» өңірлік лигасы өтті. 

Бұл шара «Халық» қайырымдылық қорының бастамасымен жүзеге асырылды. Ауылдық аймақтардағы балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулуға бағытталған маңызды жоба саналады. Лига аясында 450-ден аса жас спортшы бокс, еркін күрес, каратэ, баскетбол, волейбол және шахмат сияқты спорт түрлерінен бақ сынады.

AUYL SPORT жобасының негізгі мақсаты – ауылдық жерлердегі балаларды спортқа тарту, бұқаралық спортты насихаттау және ауылдағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру болып табылады. Жоба 6 негізгі спорт түрін қамтиды: бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол және шахмат. Бұл жобаға 8-14 жас аралығындағы 12 000-ға жуық ауылдық спортшыларды қатыстыру жоспарланып отыр.

Атырауда өткен өңірлік лигада бокс, күрес, каратэ бойынша 6 салмақ дәрежесінде жарыстар өткізілді. Сонымен қатар, баскетбол және волейбол бойынша 10-14 және 14-17 жас аралығындағы қыздар мен ұлдар командалары жарысқа түсті, ал шахматтан 6-8, 8-12, 12-14 жас аралығындағы балалар арасында турнир өтті.

Жалпы 60-тан аса атыраулық спортшылар республикалық «AUYL SPORT – 2024» лигасына жолдама алды. Еркін күрестен, бокстан және каратэден 6 жеңімпаздан, шахматтан 4 жеңімпаздан, сондай-ақ волейбол мен баскетболдан қыздар мен ұлдар командалары жеңіске жетті. Әр спорт түрінде жеңіске жеткен спортшылар спорттық форма және жаттығу құралдарымен қамтамасыз етіліп, республикалық лигаға қатысатын болады.

«AUYL SPORT – 2024» жобасы аясында жеңімпаздар мен үздік спортшыларды қолдау үшін оқу-жаттығу жиындары, тақырыптық семинарлар, сондай-ақ республикалық және халықаралық турнирлерге қатысуға мүмкіндіктер беріледі. Жыл қорытындысы бойынша ең үздік спортшылар #AUYLSPORT AWARDS сыйлығымен марапатталмақ.

Айта кетейік, бұл жоба «Halyk» қайырымдылық қорының еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарды қолдауға және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларының бірі. Қор ауылдағы спортты дамытуға осыған дейін 500 миллионға жуық қаржы бөлді.

Сондай-ақ 2016 жылы Тимур Құлыбаевтың жетекшілігімен құрылған «Halyk» қоры, осыған дейін 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, 85 миллиард теңгеге көмек көрсетті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам