Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Абиба Әбужақынова Парижден кейін Abu Dhabi Гранд Слэмінде күреседі

07.10.2024, 15:58

БАӘ-де өтетін турнирге әлемнің 33 мемлекетінен 236 спортшы қатысады

Абиба Әбужақынова Парижден кейін Abu Dhabi Гранд Слэмінде күреседі
IJN

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы 11-13 қазан күндері Abu Dhabi Grand Slam жарысына қатысады.

БАӘ-де өтетін турнирге әлемнің 33 мемлекетінен 236 спортшы күрескелі отыр. Аталған сынға еліміздің ерлер және әйелдер командасы толық емес құрамда қатысады.

Париж Олимпиадасынан кейін екінші рет ірі жарысқа қатысқалы отырған отандық татами шеберлерінің арасында әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері Абиба Әбужақынова да бар. Сондай-ақ, 60 келіде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің басты қарсыласының бірі Мағжан Шамшадин де белдеседі.

Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйек айының ортасында Загреб Гран Приіне қатысып, 2 алтын, 1 күміс жүлде иеленген болатын.

Ерлер:
Мағжан Шамшадин (-60 кг)
Дәурен Сүйеукенов (-60 кг)
Әділбек Берікұлы (-66 кг)
Дархан Қойбағар (-73 кг)
Ермек Амангелді (-73 кг)
Жалғас Қайролла (-81 кг)
Руслан Мұсаев (-81 кг)
Әділет Сапарғалиев (-100 кг)
Мәди Еділбаев (+100 кг).

Әйелдер:
Абиба Абужақынова (-48 кг)
Эсмигүл Куюлова (-63 кг)
Назгүл Маратова (+78 кг)
Карина Такиева (+78 кг).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам