Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

WBO Жәнібек Әлімханұлын неліктен кешіргенін түсіндірді

11.10.2024, 11:55

Әлімханұлы мен Ширазға келіссөздер жүргізу үшін 15 күн берілді

WBO Жәнібек Әлімханұлын неліктен кешіргенін түсіндірді
instagram.com/janibek_alimkhanuly

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақ өкілі Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айыру туралы жоспарынан айнып қалды.

4 қазан күні Әлімханұлы Сиднейде жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичті нокаутқа түсіріп, IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Негізі бұл жекпе-жек алдында WBO да белбеуін қорғауға рұқсат берген. Айқастан соң ұйым Жәнібектен бес күн ішінде WBO-ның белбеуі неге сарапқа салмағанын түсіндіруді талап етті, түсіндіре алмаған жағдайда оны бос тұр деп жариялайтынын алға тартқан.

Дегенмен инсайдер Дэн Рафаэльдің сөзінше, WBO кейіннен бұл райынан қайтқан. Оның орнына Әлімханұлы британиялық Хамза Ширазбен айқас өткізуі керек деп талап қойған. Өйткені «Қазақ стилінің» Top Rank-тағы промоутерлері екі титулды да сарапқа салғысы келген, алайда Михайлович қарамағында бокстасатын әрі осы жекпе-жектің ұйымдастырушысы болған No Limit Boxing ұйымы IBF белбеуі үшін ғана жұдырықтасқысы келетіндерін тілге тиек еткен. Тиісінше Жәнібек Әлімханұлы бұл жайтқа әсер ете алмаған.

Айта кетейік, Әлімханұлы мен Ширазға келіссөздер жүргізу үшін 15 күн берілді. Егер тараптар 23 қазанға дейін келісе алмаса, онда промоутерлік сауда жүргізіледі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам