Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Атырау спортын басқарған шенеунік 1,7 млн теңге пара алған

11.10.2024, 12:00

Антикор шенеунікке қатысты тергеуді аяқтады

Атырау спортын басқарған шенеунік 1,7 млн теңге пара алған
instagram.com/kospanov_dastanbek

Антикор Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына қатысты тергеудің аяқталғанын мәлімдеді.

Дастанбек Қоспанов 2024 жылғы наурыз айында ведомствоғв қарасты ұйымнан спортшылардың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікпен ұсталды. Тергеушілер оның осы және басқа қылмыстарға қатысы бар екенін анықтады.

«Оның ведомствоға қарасты Олимпиадалық резерв даярлау орталығының бапкерінен спортшыларға оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру үшін 1,7 миллион теңге пара алғаны анықталды. Тергеу оның мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірілген өзге де қылмыстарға қатысы барын растады.
Аталған қылмыстық істер бойынша күдіктілер мен олардың қорғаушылары сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысуда», - делінген Антиорк мәліметінде.

Айта кетейік, Қоспанов облыс спортының тізгінін 2023 жылғы шілде айында ұстаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам