Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Қазақстан дзюдошылары Абу Даби турнирін жеңіспен бастады

11.10.2024, 12:33

Бүгін Абиба Әбужақынова жарыс жолына шығады

Қазақстан дзюдошылары Абу Даби турнирін жеңіспен бастады
ҰОК

Дзюдодан Абу Дабиде басталған Гранд Слэм турнирінің алғашқы күнінде татамиге шыққан Қазақстан спортшылары алғашқы белдесуін жеңіспен бастады.

60 келіде Дәурен Сүйеукенов алғашқы белдесуінде Молдова өкілі Трсина Александрудан басым түсті. Енді отандасымыз екінші белдесуін әзірбайжандық Балабай Агчаевқа қарсы өткізеді.

Сондай-ақ, 66 келіде Әділбек Берікұлы бірінші белдесуінде Италия дзюдошысы Лука Цаггианоны қапы қалдырды. Енді ол екінші айналымда өзбекстандық Мухриддин Тилоловқа қарсы белдеседі.

Сондай-ақ, 60 келіде Мағжан Шамшадин грузин дзюдошысымен күрессе, 48 келіде Абиба Әбужақынова да бүгін жарыс жолына шығады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам