Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Елдос Сметовтің тойында қызылордалық дзюдошы Iphone 15 Pro Max жеңіп алды

11.10.2024, 12:37

Балуан өзінің өнерге де жақын екенін байқатты

Елдос Сметовтің тойында қызылордалық дзюдошы Iphone 15 Pro Max жеңіп алды
ҰОК

Парижде Қазақстанның намысын қорғаған дзюдошы Нұрлыхан Шархан Елдос Сметовтің «Алтын тойында» Iphone 15 Pro Max телефонын ұтып алды.

Жақында Олимпиада чемпионы Таразда дүркіретіп той жасаған болатын. Тойға өте көп қонақ келген. Арасында өнер, спортта жүрген танымал тұлғалар көп. Тойдың асабасы Сабыржан қонақтар арасында ойын ойнатып, Сметов жеңімпазға Iphone 15 Pro Max телефонын сыйлады.

Актер Шерхан Пірназар, айтыскер ақын Сырым Әуезхандармен сайысқа түскен қызылордалық балуан Нұрлыхан Шархан өзінің өнерге де жақын екенін байқатты. Ол бірнеше биді билеп, өнер жұлдыздарын шаң қаптырды. Сөйтіп, Iphone 15 Pro Max телефонына ие болды.

Айта кетейік, Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейін салмақта өнер көрсететін қызылордалық балуан. Ол биыл Парижде өткен Гранд Слэм турнирінде қола медаль алған. Олимпиадада 1/8 финалда өзбек спортшысы Мұзафарбек Тұробаевтан жеңілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам