Спортта бес жылда бес министрдің ауысуы саланың дамуына үлкен зиянын тигізіп жатыр – Дәулет Тұрлыханов

Telegram WhatsApp

Ол министрлердің үшеуі – басқа саланың мамандары

Фото ашық дереккөзден
Фото ашық дереккөзден

Париж Олимпиадасынан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Туризм және спорт министрі болған Ермек Маржықпаевты отставкаға жіберген болатын. Оның орнына Ербол Мырзабосынов тағайындалды. Бұл – спорт саласында бес жылда тағайындалған бесінші министр.

Қазақстан күрес түрлері федерациясының президенті, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов болса министрлерді дәл осылай жыл сайын ауыстыра беру – спорт саласының дамуына зор нұқсан келтіріп жатыр дейді. Мұндай пікірін ол бүгін федерация басшылығы өткізген баспасөз мәжілісінде айтты.

«Спорт саласында министрлердің жиі ауысуы біздің салаға өте зор нұқсан келтіріп жатыр. Өйткені, министр болып келген кейбір азамат не спортшы емес, не бітірген оқуының кәсіби спортқа қатысы жоқ, не бұл салада мүлдем тәжірибесі жоқ. Олардың спорт саласын танып-білуі үшін бірталай уақыт керек. Оның үстіне, әр министр тағайындалған кезде өзінің көзқарасымен келеді, саланы түсіну үшін кемі 1-2 жыл жұмыс істеуі керек»

деді Тұрлыханов журналистердің сауалына жауап беру кезінде

Айта кету керек, қазіргі министр Ербол Мырзабосынов қазақ күресімен ұзақ уақыт айналысқан. Ал, оның алдында саланы басқарған Ермек Маржықпаев болса - бокстан спорт шебері.

Түрмеде жазасын өтеп жатқан Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның ізбасары Ақтоты Райымқұлова да министр болғанда спорт саласына жауапты еді. Алайда, екеуі де – мәдениет саласының өкілдері, спортқа он қайнаса сорпасы қосылмайды. Қазір еліміздің Ресейдегі төтенше және өкілетті Елшісі болып қызмет атқаратын Дәурен Абаев, одан кейін 8 ай министр болған Асхат Ораловтың да спорт саласына еш қатысы жоқ.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 43 547 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 60 252 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 175 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 93 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 87 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 528 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 348 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 538 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 584 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 294 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 175 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 318
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›