Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Ақтөбенің спорт шенеуніктері бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде ұтылған

11.10.2024, 16:03

Сондай-ақ, ұшақ билеттерін сатып алу кезінде де жүздеген миллион теңгенің талан-таражға салынғаны анықталды

Ақтөбенің спорт шенеуніктері бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде ұтылған
көрнекі фотосурет

Ақтөбеде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары спорт алаңдарын жалға беріп, одан түскен ақшаны букмекерлік кеңселерде бәске тігіп жеңіліп қалған. Бұл туралы облыстың прокуратурасы мәлімдеді.

Шенділер аталған спорт алаңдары мен залдарды әуесқой спорт командаларына жалға берген. Түскен ақшаны бюджетке салудың орнына құмар ойын ойнауға жаратқан.

Келтірілген шығын көлемі – 6 миллион теңге көлемінде.

«Сонымен қатар, «Ақтөбе» футбол клубы командасының ұшуы бойынша әуе қызметтерін 165 млн теңгеден астам көтерілген бағамен бірнеше делдал арқылы сатып алу фактілері анықталды», - делінген прокуратура таратқан ақпаратта.

Аталған жайттар бойынша ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам