ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Сақалы «тым ұзын» спорт саңлақтарының тізімі бар – вице-министр

17.10.2024, 10:51

Жат діни ағымның жетегінде кеткен спортшылар анықталады

Сақалы «тым ұзын» спорт саңлақтарының тізімі бар –  вице-министр
ОКҚ

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Мәжіліс қарауында жатқан Спорт туралы заң жобасына терроризм мен эктремизмге қарсы нормалар енгізілгенін айтты.

Бұл мәселе Мәжілісте спорт тақырыбы талқыланған кезде көтерілді. Депутат Жигули Дайрабаев сақалы тым ұзын спорт саңлақтарын сынаған. Тіпті дінге қатты берілсе, спортын қойып, «мешітке барып намаз оқуға» кеңес берген.

Ал вице-министр бұл мәселенің шынымен де өзекті екенін растап, ондай спортшылардың тізімі бар екенін де алға тартты.

«Өкінішке қарай, қазіргі таңда көптеген спорт түрлерінде, өзіңіз айтып отырғандай, діннің қате ағымына кетіп қалған спортшыларымыз бар. Оны білеміз, тізімі бар. Спорт туралы заң жобасына терроризм мен эктремизмге қарсы нормаларды енгізіп отырмыз. Оны депутаттар қолдады», - деді Серік Жарасбаев.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам