Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Самбодан Азия ойындарының тұңғыш жеңімпазы жастар құрамасын жаттықтырады

11.12.2023, 11:28

Аталған жүлдені ол 2018 жылы жеңіп алған

Самбодан Азия ойындарының тұңғыш жеңімпазы жастар құрамасын жаттықтырады
olympic.kz

Самбодан Азия ойындарының тұңғыш чемпионы Бағлан Ибрагим Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болып тағайындалды.

Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді. Оның айтуынша, ол жаңа міндетке кірісіп, енді ол өз тәжірибесін жастармен бөліспек.

«Елдің батасы мен ағаларымыздың зор сенім артуының арқасында самбодан ҚР жастар құрамасының аға бапкері болып тағайындалдым. Сенімді ақтап, биік белестерді бағындыруға барымызды саламыз», - деп жазды спортшы.

Бағлан Ибрагим 1994 жылы дүниеге келген. Ол 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында 52 келіде жеңімпаз атанды. Ол самбо тарихында Азия құрлығы бойынша төртжылдықтың басты ойындарында жеңімпаз болған алғашқы спортшы.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам