5-18 қаңтар аралығында Индонезияда лицензиялық Азия чемпионаты өтеді
Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері Ольга Довгун Париж олимпиадасына шәкірттері 3 жолдама иеленгеннін айтты. Биылғы маусымды қорытындылаған маман құрама мергендерінің алдағы жылға жоспарымен бөлісті.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, құрама мүшелері алдағы уақытта Катарда өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысады.
«Маусым қорытындысы бойынша үш лицензиямыз бар. Азия ойындары біз үшін соңғы жарыс емес. Жақын күндері оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Катарды бетке аламыз. Өйткені, 2024 жылдың 5-18 қаңтары аралығында Индонезияда лицензиялық Азия чемпионаты өтеді. Сол сында тағы да Олимпиада жолдамаларын ұтып алсақ деген ниетіміз бар. Лицензия алу үшін бар күшімізді саламыз. Әлі жолдама алмаған спортшыларымыздың қарқыны жақсы. Бәрі де Париждегі төртжылдық додасына қатысу үшін еңбектеніп жатыр», - деді Ольга Довгун.
Оның айтуынша, спортшылар бір апталық демалыстан шығып, көздеген межеге жету үшін тынымсыз еңбектенуге кірісіп кеткен.