Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Өзбектерге Олимпиада алтынын сыйлаған Ресей балуаны қаншалықты байығанын айтты

19.10.2024, 21:39

Оған Ташкенттен зәулім үй сыйға тартылған

Өзбектерге Олимпиада алтынын сыйлаған Ресей балуаны қаншалықты байығанын айтты
olympic.uz

Париж Олимпиадасында еркін күрестен 74 келіде Өзбекстан атынан белдесіп, чемпион атанған Разамбек Жамалов өзінің алдағы жоспарын айтты.

Дағыстанда туған шешен ұлтының өкілі 2024 жылдың басында азаматтық ауыстырып, Өзбекстан намысын қорғауға шешім қабылдаған еді. Ол Париждегі ойындарда сәтті өнер көрсетіп, 5 белдесудің барлығына жеңіске жетті.

«Күресте өте көп ақша төлейді. Маған өте молынан сыйлық берді. Сол жетеді. Сондықтан күреспен айналысыңыздар», - деді Разамбек Жамалов журналистер сауалына берген жауабында.

Олимпиададағы жетістігінен кейін Жамаловқа Өзбекстан Үкіметі 200 мың АҚШ доллары мен Ташкенттен вилла, жол талғамайтын қымбат көлік сыйлаған. Сондай-ақ, Ташкент қаласының әкімшілігі спортшыға 2 бөлмелі пәтер тарту етті. Бұдан бөлек, өзбекстандық демеушілер бірнеше көлік мінгізіп, спортшының мерейін тасытты.

Разамбек Жамалов еркін күрестен Өзбекстан тарихында Олимпиада алтынын сыйлаған екінші легионер. Кезінде осетин Артур Таймазов 2004 жылы еркін күрестен Афины Олимпиадасында чемпион атанып, Өзбекстан жанкүйерлерін қуантқан болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам