Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Қытайдағы қазақ қызы дзюдодан чемпион атанды

20.10.2024, 21:18

Айман Жеңіснұрқызы +78 келі салмақта алтын медаль еншіледі

Қытайдағы қазақ қызы дзюдодан чемпион атанды
«Жэньминь жибао»

Қытайдың Іле аймағында тұратын этникалық қазақ қызы Айман Жеңіснұрқызы дзюдодан ұпай саны бойынша ел чемпионатының алғашқы біріншілігін жеңіп алды.

Қытайдың Ішкі Моңғол автономиялық өлкесі, Чифэн қаласында ұлттық дзюдодан ұпай жинау бойынша өткен жарыста Іле Қазақ автономиялы облысы Моңғолкүре ауданының дзюдошысы Айман Жеңіснұрқызы әйелдер арасында +78 келі салмақта алтын медаль еншіледі.

«Жас спортшының бұл жеңісі оның жеке күш-қуатының дәлелі ғана емес, Шыңжаң дзюдосының дамып келе жатқанының жарқын үлгісі», - деп жазады Қытайдың «Жэньминь жибао» ақпараттық порталы.

Әйелдер арасындағы +78 келі салмақтағы финалда Айман Чэнду қаласында өткен 31-ші жазғы Универсиада ойындарының чемпионы, тяньцзиндік Цзя Чундимен кездесті. Айман Жеңіснұрқызы жаттықтырушысының жарыс алдында белгілеген жобасы бойынша, күрес техникасын дұрыс игеріп, орайды дәл пайдаланып, икемді де қырағы әрекетімен үлкен басымдылықпен жеңіске қол жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам