Жаңа шоу! Чемпиондар лигасына "легендарный" болжамдар!

Үш дүркін Азия ойындарының чемпионының ұлы әйелін аяусыз ұрып-соққан

Бүгін, 14:33

Әйелі орташа дәрежедегі дене жарақатын алған

Үш дүркін Азия ойындарының чемпионының ұлы әйелін аяусыз ұрып-соққан
t.me/egovpress

Су добынан қазақтың атақты спортшысы Асқар Оразалиновтың ұлы, өзі де су добынан спорт шебері Алан Оразалиновқа әйелін ұрды деген айып тағылды. Алматы қаласының тұрғыны Мәдина Әуесхан күйеуі Аланның ұрғанын хабарлады.

Ол орташа дәрежедегі дене жарақатын алған. Бостандық ауданы әкімшілігінде қылмыстық іс қозғалған. Жәбірленуші тарап тергеуші Руслан Дәулетов алты ай бойы ештеңе істемегенін, себебі спортшылардың түрмеге түсуіне рұқсат жоқ деп отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, Асқар Оразалинов - су добынан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы. Алматының «Динамо» командасының сапында екі рет 1981 – 1982 жылдары КСРО чемпионы атанған. Сондай-ақ 1982 жылы КСРО кубогының иегері болса, 1985 жылы ересектер арасында Еуропа чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ үш рет Азия ойындарында жеңіске жеткен.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам