ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Бейбіт Қорғанов әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

22.10.2024, 16:49

Бозкілемге шыққан тағы 4 балуан іріктеу кезеңінде есе жіберді

Бейбіт Қорғанов әлем чемпионатында жүлдесіз қалды
ҰОК

Күрес түрлерінен Албанияда 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының өкілі Бейбіт Қорғанов жүлдеге қол жеткізе алмады.

Грек-рим күресінне 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Тиранада жұбаныш белдесуінде неміс балуанынан оңбай ұтылды. Ол германиялық Антон Эричпен сын сағатта мүлт кетіп, 9:0 есебімен есе жіберді. Егер отандасымыз басым түскен жағдайда эстониялық Ричарт Каролсонмен белдесуі тиіс еді.

Айта кететін жайт, отандасымыз 1/8 финалда армениялық Хайку Хлояннан 8:0 есебімен ұтылды. Алайда Хлояну финалға шыққан соң отандасымыз Қорғанов та жұбаныш айналымына мүмкіндік алған болатын.

Сондай-ақ, кеше бозкілемге шыққан тағы 4 балуан іріктеу кезеңінде есе жіберді.

21 қазанда басталған жастар арасында әлем чемпионаты әлі бірнеше күн бойы жалғасады. Аталған сында еркін күрестен еліміздің тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанға бапкерлер сенім артып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам