Жаңа шоу! Чемпиондар лигасына "легендарный" болжамдар!

Бибісара Асаубаеваға III дәрежелі «Барыс» ордені берілді

23.10.2024, 11:37

Ол 2021 жылы ең жас әлем чемпионы атанған болатын

Бибісара Асаубаеваға III дәрежелі «Барыс» ордені берілді
instagram.com/bibisarachess/

Республика күні қарсаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің бірнеше азаматына түрлі дәрежедегі мемлекеттік наградалар табысталды. Олардың қатарында шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева да бар.

Белгілі шахматшымен бірге бұл атақты ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та алған.

«Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар», - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Бибісара Асаубаева әйелдер арасында гроссмейстер атағын алған ең жас шахматшы қыздардың бірі. Ол шахматтың блиц түрінен әлемнің екі дүркін чемпионы және 2021 жылы ең жас әлем чемпионы атанған. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам