Жаңа шоу! Чемпиондар лигасына "легендарный" болжамдар!

Күрестен Әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде қазақстандық балуандар жаппай жеңілді

23.10.2024, 11:02

Олардың қола жүлдеге күресетін үміті бар

Күрестен Әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде қазақстандық балуандар жаппай жеңілді
UWW

Албанияда күрес түрлерінен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандық балуандар жаппай жеңіліп қалды.

55 келіде сынға түскен Ербол Камалиев 1/8 финалда Максим Ступакевичті (Беларусь) 4:3 есебімен ұтқанымен, ширек финалда үндістандық Вишважиту Мореден 0:9 есебімен есе жіберді.

63 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Базарбаев 1/8 финалда армениялық Арман Варданяннан 10:0 есебімене ұтылды.

77 келіге дейінгі салмақта Темірлан Қаратай алғашқы белдесуінде ресейлік Исмаил Барахоевтан 6:7 нәтижесімен жеңілді. Ал 87 келіге дейінгі салмақта Бағлан Қуаныш нидерландтық Марсель Стеркенбургке 5:3 есебімен ұтылып, 1/8 финалға шыға алмады.

130 келіге дейінгі салмақта Асылбек алғашқы жекпе-жегінде мысырлық балуан Фекра Эйсаны жеңгенімен, 1/8 финалда грек Николаос Нтуниас отандасымызды мерзімінен бұрын ұтты.

Айта кететін жайт, балуандарымызда әлі де қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам