Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Әкемнің Отаны!»: Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Қазақстанға қаншалықты қатысы барын айтты

25.10.2024, 10:51

Ол 2023 жылы әлемнің экс-чемпионы Дмитрий Биволмен ажырасты

«Әкемнің Отаны!»: Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Қазақстанға қаншалықты қатысы барын айтты
© Матч ТВ

Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Қазақстанның өзінің өмірінде алатын орны туралы туралы айтты. Екатерина Бивол әлеуметтік желіде оқырмандарына берген жауабында еліміздің оған қаншалықты жақын екенін мәлімдеді.

"Қазақстан менің әкемнің Отаны!", - деді ол.

Әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген Екатерина өзін журналист, блогер ретінде таныстырады. Ол 2023 жылдың орта шенінде әлемнің экс-чемпионы Дмитрий Биволмен ажырасты. Қазір ол екі ұлын өзі тәрбиелеп отыр.

Айта кететін жайт, Екатерина Бивол Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасында жекпе-жекте ерекше көзге түсті. Ол бұрынғы күйеуінің қарсыласына ашық түрде жанкүйер болып, Дмитрийді өзінің наласы жібермегенін айтып, масаттанған еді. Кейін ол баларының әкесіне талап қойып, Петербургтің орталығынан 2 пәтер, 200 млн рубль берген жағдайда ғана тыныштық сақтап, Бивол туралы үнсіз жүретінін атады.

Біздің серіктес: FONBET

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам