ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Күрестен әлем чемпионаты: Ризабек Айтмұқанның қарсыласы анықталды

25.10.2024, 10:55

Аталған сында еліміздің балуандары толық құрамда белдеседі

Күрестен әлем чемпионаты: Ризабек Айтмұқанның қарсыласы анықталды
UWW

Тиранада күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы балуандарының қарсыластары анықталды. Бүгін еркін күрестен алғашқы белдесулер басталады. Аталған сында еліміздің балуандары толық құрамда белдеседі.
 
57 кг, 1/8 айналым: Алан Оралбек - Лука Гвинджилия (Грузия)
61 кг, 1/8 айналым: Әділет Әлмұхамедов - Ибраһим Махди Хари (Иран)/Симоне Винченцо Пироду (Италия) жұбының жеңімпазы;
65 кг, іріктеу: Бекзат Ермекбай - Хамзат Арсамерзоев (Франция);
70 кг, іріктеу: Ернұр Нұрғазы - Үміт Ердоған (Түркия);
74 кг, 1/8 айналым: Мұрат Жақыпов - Митчелл Мезенбринк (АҚШ);
79 кг, 1/8 айналым: Жеңіс Қаныбеков - Отари Адеишвили (Грузия) / Радомир Николаев Стоянов (Болгария) жұбының жеңімпазымен белдеседі;
86 кг, іріктеу: Нұржан Исағалиев - Аарон Айзеров (Израиль);
92 кг, іріктеу: Бекзат Аманғалиев - Мұса Арсункаев (Мажарстан);
97 кг, 1/8 айналым: Ризабек Айтмұхан - Каллум Уильям Нок (Канада);
125 кг, 1/8 айналым: Омархан Нәдіров - Ален Хубулов (Болгария).

Бүгін алғашқы болып 61, 74, 86, 92, 125 келі салмақ дәрежесіндегі палуандар өнер көрсетеді. Ал іріктеу сындары Астана уақытымен сағат 17:00-де басталмақ.

Бұған дейін сынға түскен грек-рим және әйелдер күресінен ұлттық құраманың балуандары арасында ешқайсысы финалға шыға алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам