ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Ризабек Айтмұқан жастар арасында тағы да әлем чемпионы атанды

28.10.2024, 01:02

Ол қыркүйек айында 20 жасқа дейінгілер арасында да әлемнің мықтысы атанған еді

Ризабек Айтмұқан жастар арасында тағы да әлем чемпионы атанды
UWW

Күрес түрлерінен Тиранада U23 санатында өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұқан әлем чемпионы атанды.

Еркін күрестен 97 келіде белдескен отандасымыз финалда Иран балуаны Махди Морафахты 11:6 есебімен ұтты.

Осылайша Ризабек аталған әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық жалғыз балуан болып отыр. Ол іріктеу кезеңдерінде Канада, Беларусь, Ресей балуандарын ірі есеппен ұтты.

Айта кететін жайт, Ризабек Айтмұқан қыркүйек айында 20 жасқа дейінгі жастар арасында да әлем чемпионы атанған болатын. Ол бір айдан астам уақыт ішінде екінші рет әлем біріншілігінде топ жарып отыр.

Бүгін 57 келіде белдескен Алан Омарбек қола жүлде үшін күресіп, есе жіберді.

Сондай-ақ, бұған дейін әлем чемпионатында грек-рим және әйелдер күресі балуандары да сынға түсіп, ешқайсысы жүлдеге қол жеткізе алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам