Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі жарияланды

28.10.2024, 09:32

Спортшыларымыз көкпар, күрес, шорт-тректен бақ сынайды

Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі жарияланды
ҰОК

28 қазан мен 3 қараша аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі жарияланды.

31 қазан - 6 қараша – Ә.Асқаровты еске түсіруге арналған ересектер арасындағы көкпардан республикалық ашық турнир. Жарысқа еліміздің барлық өңірі мен Астана, Алматы қалаларынан 150 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шымкент қаласы.
 
28-31 қазан – Тиранда (Албания) олимпиадалық емес салмақтарда күрес түрлерінен әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасынан қатысатын палуандар:

28-31 қазан – Грек-рим күресі:
55 кг: Исхар Құрбаев
63 кг: Ержет Жарлықасын
72 кг: Мейіржан Шермаханбет
82 кг: Евгений Поливадов
 
29 қазан – Әйелдер күресі:
55 кг: Зүлфия Яхьярова
59 кг: Диана Қаюмова
65 кг: Ирина Казюлина
72 кг: Жәмила Бақбергенова
 
30-31 қазан – Еркін күрес:
61 кг: Асыл Айтақын
70 кг: Нұрғожа Қайпанов
79 кг: Дәулет Ергеш
92 кг: Нұрдәулет Бекенов
 
1-3 қараша – Қазақстан спортшылары мәнерлеп сырғанаудан Grand Prix de France 2024 халықаралық турниріне және Гран-при сериясының үшінші кезеңіне қатысады.
Өтетін орны: Франция, Анжер қ., AngersIce Parc мұз сарайы.
 
1-3 қараша – Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) шорт-тректен Әлем кубогінің екінші кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасынан 12 спортшы қатысады.
Өтетін орны: АҚШ, Солт-Лейк-Сити.
 
30 қазан - 2 қараша – Киокушинкай-кан каратэден ҚР чемпионаты. 15 өңірден 120-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
Өтетін орны: Талдықорған қаласы.
 
31 қазан - 4 қараша – Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы комбат дзю-дзюцудан Қазақстан кубогі. Жарысқа 200-ден астам спортшы қатысады.
Өтетін орны: Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы.
 
2-3 қараша – AIGA грэпплингтен ҚР чемпионаты.
Өтетін орны: Қостанай қаласы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам