Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

30.10.2024, 20:03

Қалған үш балуанымыз жеңіліп қалды

Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
olympic.kz

Тиранада күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрқожа Қайпанов жартылай финалға шықты.

Еркін күрестен 70 келіде өнер көрсетіп жатқан отандасымыз ширек финалда грузин балуаны Акаки Кемертелидзені 12:2 есебімен уақытынан бұрын ұтты. Енді ол финал жолдамасын тәжікстандық Абдулмажид Кудиевпен сарапқа салады.

Нұрқожа Қайпанов іріктеу кезеңдерінде Израиль және Молдова балуандарын уақытынан бұрын жеңген болатын.

Сонымен бірге, 61 келіде Асыл Айтақын, 92 келіде Нұрдәулет Бекенов іріктеу кезеңдерінде есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады. Ал 79 келіде Дәулет Ергеш ширек финалға дейін жетіп, шешуші сәтте грузиялық Автандил Кенчадзеге 10:0 нәтижесімен жол берді. Енді Грузия балуаны финалға шықса, Дәулет Ергеш жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алады.

Сондай-ақ, бүгін әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова 72 келіде финалда Жапония спортшысымен сынға түседі. Албаниядағы әлем чемпионатында Қазақстан балуандары әзірге грек-рим күресінен күміс жүлде иеленді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам