Бұл – оның әлем чемпионатындағы осымен төртінші жүлдесі
Тиранада күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында қазақстандық Жәмила Бақбергенова күміс жүлдегер атанды.
Әйелдер күресінен 72 келіде сынға түскен отандасымыз финалдық сында жапониялық Ами Ишиге 8:6 есебімен жол берді.
Бірінші кезеңде жапон қызы 2:0 есебімен алға шыққан. Үзілістен кейін Жәмила төрт ұпайлық әдіс жасап, есепте алға шықты. Алайда, Ами Иши ерекше шеберлік танытып, қатарынан бірнеше әдіс жүргізді. Осылайша Жәмила Бақбергенова үшінші рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып отыр. Ол 2021-2022 жылдары әлемдік додада екінші орын иеленсе, 2023 жылы Сербияда қола медальды місе тұтқан еді.
Биылғы чемпионатта Қазақстан балуаны финалға дейін Молдова, Чехия, Моңғолия өкілдерінен басым түсті.
Албания астанасында әлем чемпионатына басталғалы бері грек-рим күресінен Ержет Жарылқасына 63 келіде күміс медаль енгішіледі. Сонымен бірге, бүгін еркін күрестен 70 келіде Нұрқожа Қайпанов финалға шықты. Ол ертең әлем чемпионатының алтыны үшін жапон спортшысымен күреседі.