Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының 27-ші Бас ассамблеясы өтті
Еліміздің ҰОК президенті Геннадий Головкин Португалияда бірнеше спорт бойынша халықаралық федерация президенттерімен кездесті.
Португалияның Кашкайш қаласында Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының 27-ші Бас ассамблеясы өтуде. Қазақстан атынан бұл басқосуға ҰОК президенті Геннадий Головкин мен ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев барған.
Жиын аясында Головкин Біріккен күрес әлемі (UWW) басшысы Ненад Лаловичпен, Халықаралық гимнастика федерациясы президенті (FIG) Моринари Ватанабэмен, Халықаралық ауыр атлетика федерациясын (IWF) басқаратын Мохаммед Джалудпен, сонымен бірге Түркия, Франция Ұлттық Олимпиада комитеттері президенттерімен және өзге ҰОК өкілдерімен кездескені белгілі болды. Ал бұл кездесуде қандай мәселелер айтылғаны әзірге белгісіз.