Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Дамир Исмағұлов UFC-ге оралуды армандайтынын айтты

31.10.2024, 12:10

Ол өзін көрсетіп, дәлелдеуге дайын екенін атап өтті

Дамир Исмағұлов UFC-ге оралуды армандайтынын айтты
әлеуметтік желі

Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов SPORT+ басылымына берген сұхбатында UFC-ге қайта оралуға деген құлшынысы мен PFL ұйымымен келісімшарты туралы айтып берді.

«Мен әр жекпе-жекке өте байсалды қараймын. Әрине, Варданянмен кикбоксинг жекпе-жегі секілді дайындықсыз шығуға тура келген сәттер болды. Сол кездесуден кейін ашуға булығып, залдан шықпай, нәтижесінде екі рет жеңіске жеттім. Бұл лигалардағы қарсыластар деңгейі аса жоғары болмағанымен, жігіттер ашулы, жеңіске деген құштарлығы зор, бұдан бөлек, допинг бақылауы жоқ. Сондықтан мұнда әрдайым қиын болады. Неге екені белгісіз UFC-дегі соңғы екі жекпе-жекте өзімді жай ғана шаршаңқы сезіндім, қарсыласымды күйрете жеңуге деген айқын құлшыныс болмады. Ал егер жалақы туралы айтар болсам, жергілікті лигаларда да шамамен бірдей. Бірақ UFC-де Америкаға ұшып барып, залға, жаттықтырушыларға ақы төлейсің, алған жалақыңнан салықтар мен пайыздар ұсталып, өзіңе аз ғана ақша қалады. Ал мұнда жалақыңды аласың да, бәрі өзіңде қалады. Мен бұл жақта емін-еркін табыс тауып жүре аламын, лигаларға танымал есімдер қажет, белгілі файтерлерді тарту керек. Қазір мен қайта күш жинап, бұрынғыдай өнер көрсетуге ниеттеніп отырмын. Мен UFC-ге оралғым келеді, мен әлі бар күшімді көрсете алмадым. Сондықтан ол жаққа тағы бір рет оралуды армандаймын. UFC маған PFL ұсынғандай жалақы төлемейді, финалдан кейін олар маған келісімшарт ұсынбақ, бірақ менің арманым — қайтадан UFC-ге оралу», – деді Исмағұлов.

 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам