Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Қайрат Боранбаевтың кандидатурасын 25 адам қолдады

01.11.2024, 15:23

Қайрат Боранбаев ҚФФ атқару комитетінің мүшелігіне қайта қабылданды

Қайрат Боранбаевтың кандидатурасын 25 адам қолдады
"Қайрат" ФК

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кезекті XXV конференциясы өтті. Күн тәртібіндегі мәселенің бірі – кәсіпкер Қайрат Боранбаев ҚФФ атқару комитетінің мүшелігіне қайта қабылдау болды.

Конференцияға өңірдегі федерация басшылары қатысты. 25 мүше дауыс беру арқылы атқару комитетінің мүшелігіне Қайрат Боранбаевты қабылдады. Ешкім қарсы дауыс берген жоқ.

Айта кетейік, Қайрат Боранбаев бұған дейін атқару комитетінде мүше болған. Бірақ биыл жазда шығып қалған еді.

Естеріңізде болса, 14,5 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталған белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев алты жылға сотталған. Дегенмен оның жазасы өзгертіліп, бас бостандығын айыру жазасы шектеу шарасына ауыстырылды. Сот үкімі күшіне еніп, былтыр 6 қарашада Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты.

Абақтыдан шыққан соң ол өзі басқаратын «Қайрат» футбол клубындағы жұмысына оралды. Бұдан бөлек маусымның басында Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам