Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Қателік деп ойлаймын»: бас бапкер әлем чемпионы атанған Қайпановтың жеңісіне баға берді

01.11.2024, 21:32

Маманның пікірінше, бұл – ешқандай да сенсация емес

«Қателік деп ойлаймын»: бас бапкер әлем чемпионы атанған Қайпановтың жеңісіне баға берді
UWW

Еркін күрестен Тиранада әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа қатысты ұлттық құрама бапкері Мадияр Құрамысов пікір білдірді. Бас жаттықтырушының сөзінше, Қайпанов Олимпиадаға қатысу үшін салмақ ауыстырған.

Бас бапкер оның әлем чемпионы атанарына күмән келтірмеген көрінеді.

«Әлем чемпионатындағы міндетімізді орындадық. Бірақ одан да жақсы нәтиже көрсетуге болар еді. Жігіттер тактикалық қателіктер жіберді. Ал, Нұрқожа өте тамаша күресті. Оның үстіне, дайындығы да өте жоғары деңгейде болды. Ол бұған дейін 74 келі салмақта күресті, бірақ бұл оның табиғи салмағы емес. Қайпанов үшін ең қолайлы салмақ – 70 келі. Өкінішке қарай, бұл салмақ Олимпиада бағдарламасына кірмейді. Ойындарға қатысу үшін ол салмақ көтеруге мәжбүр болды. Алайда, бұл қателік деп ойлаймын. Ол бұрынғы салмақ дәрежесінде қалғанда, әлем чемпионатын ертерек жеңіп алуы мүмкін еді. 

Бәрі осылай болуы керек болған шығар. Біз одан медаль күткен едік. Жеңісі – күтпеген жағдай немесе сенсация емес», - деді бас бапкер Olympic.kz-ке берген сұхбатында.

28-31 қазан күні күрес түрлерінен Албания астанасында өткен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионаты өткен еді. Аталған сында Қазақстан балуандары 1 алтын, 2 күміс жүлде иеленді. Оның ішінде Н.Қайпанов чемпион атанса, грек-рим балуаны Ержет Жарылқасын (63 кг) мен әйелдер арасында Жәмила Бақбергенова (72 кг) күміс жүлдеге ие болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам