Гватемала мен Лаос та ұйым мүшесі атанды
Өзбекстанның бокс федерациясы ресми түрде World Boxing ұйымының толыққанды мүшесі болып қатарға қосылды.
Бұл туралы АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында өткен World Boxing халықаралық бокс федерациясының конгресінде белгілі болды. Бұған дейін аталған ұйымға Қазақстанның да қабылданғаны туралы жазғанбыз. Сонымен қатар Гватемала мен Лаос та ұйым мүшесі атанды. Осылайша, 2023 жылғы сәуірде құрылған World Boxing (WB) ұйымына бүгінде 55 ел кіріп отыр.
Айта кетейік, World Boxing олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып Қазақстанның ҰОК басшысы, танымал боксшы Геннадий Головкин тағайындалған. Головкин боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалуды өзінің басты міндеті деп санайтынын айтқан.