Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Хутор басшысы» атанып кеткен талғарлық Хасанның ұсталуына MMA бапкерінің қандай қатысы бар?

04.11.2024, 15:27

Полиция үш жыл бұрынғы оқиғаны енді қайта тергеп жатыр

«Хутор басшысы» атанып кеткен талғарлық Хасанның ұсталуына MMA бапкерінің қандай қатысы бар?
Хасан Қасымбаевтың Instagram-парақшасынан

Талғарлық жасөспірім Шерзаттың өлімінен кейін жергілікті тұрғындар аймақта «Хуторские» деген қылмыстық топтың бар екенін, оны Хасан Қасымбаев есімді азамат басқаратынын айтып, дабыл қаққан болатын. Соған қарамастан полиция да, прокуратура да Талғарда ондай топтың жоқ екенін мәлімдеген еді. Алайда, күні бүгін дәл сол Хасанның ұсталғаны белгілі болып отыр.

Полицияның мәліметінше, ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысын ұрлап, ұрып-соқты деген күдікке ілінген.

Есте болса, Шерзаттың өлімінен кейін Талғарда бұған дейін жасалған қылмыстар туралы жұрт жарыса айта бастады. Солардың бірі – MMA жаттықтырушысы Арман Әлімовке жасалған қастандық. Оқиға 2021 жылы болып, көшедегі бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Онда бір топ ер адамның Әлімовті ұстап алып, соққыға жыққанын аңғаруға болады. Кейін олар жәбірленушіні көлікке тиеп алып кетеді.

Спортшының туыстары хабарлағандай, қаскөйлер Арман Әлімовті канал маңына апарып, тағы да тепкілеген. Ол осыдан кейін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығыпты. Артынша туыстары Алматыдағы ауруханаға ауыстырған.

Арман Әлімовке жасалған қастандықты Хасан Қасымбаев ұйымдастырғанын туыстары бұған дейін де бірнеше рет айтқан екен. Алайда, үш жылдан астам уақыт «үнсіз жатқан» өңірдің полицейлері бұл арызға енді құлақ асып, күдіктіні қамауға алып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам