ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Енді Өзбекстан билігі спорт саласындағы жемқорларды қатаң жазалайды

05.11.2024, 14:52

Жарыс нәтижелерін қасақана өзгерткендер бас бостандығынан айырылады

Енді Өзбекстан билігі спорт саласындағы жемқорларды қатаң жазалайды
review.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 4 қарашада спорт саласындағы жемқорлықпен күреске бағытталған жаңа заңды бекітті.

«Норма» құқықтық порталының хабарлауынша, бұл заң қылмыстық кодекске өзгерістер енгізіп, спорттық жарыстардың нәтижелерін қасақана өзгерткендерге жаза қолдануды қарастырады.

Енді спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және спорттық шараларға қатысушы немесе ұйымдастырушы өзге де тұлғалар жарыстардың нәтижесіне әсер ету үшін қандай да бір қаржы алған болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Мұндай әрекеттер 50-ден 100 АЕК-ке дейін айыппұл салумен немесе үш жылға дейін белгілі бір құқықтарын шектеумен жазалануы мүмкін. Неғұрлым ауыр жағдайларда бір жылдан үш жылға дейін бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Егер мұндай қылмыстар қайталанса, ірі немесе аса ірі көлемде жасалса, қорқытып-үркітумен, келісіммен немесе ұйымдасқан топпен жасалса, жаза күшейтіледі. Бұдан басқа, заң жарысқа қатысушылар мен ұйымдастырушыларды параға тартқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырады. Дегенмен, егер адам қорқытып-үркітудің құрбаны болса, 30 күн ішінде қылмыс туралы ерікті түрде хабарлап, өкінсе және тергеуге көмек көрсетсе, жазадан босатылуы мүмкін.

Заңның мәтіні Ұлттық заңнамалық деректер базасында жарияланып, 2024 жылғы 4 қарашадан бастап күшіне енді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам