Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

«Алаяқтық жасаған»: қазақстандық ауыратлет Нижат Рахимовқа Олимпиада алтыны қайтарылмайды

13.12.2023, 14:17

Ол әлем чемпионы атағын ғана сақтап қала алды

«Алаяқтық жасаған»: қазақстандық ауыратлет Нижат Рахимовқа Олимпиада алтыны қайтарылмайды
olympic.kz

Рио олимпиадасында ауыр атлетикадан чемпион атанған қазақстандық Нижад Рахимовтың допинг дауына ілінуіне байланысты қабылданған шешім өзгеріссіз қалды. Оны Спорттық арбитраждық сот 8 жылға кәсіби спорттан аластатқан болатын.

24kz-тің мәліметінше әзірбайжандық легионердің Олимпиададағы жоғары нәтижесін жою туралы шешім енді өзгермейді. 

«Спорттық арбитраждық соттың аппелляциялық бөлімі қазақстандық ауыр атлет Ниджат Рахимовқа қатысты шешім шығарды. Ол былтыр наурыз айында допинг сынамасын тапсыру ережесін бұзғаны үшін 8 жылға шеттетілген еді. Сәйкесінше оның 2016 жылдан бергі спорттық жетістіктері толық жойылды. Оның ішінде Рио олимпиадасында алған алтын медалі де бар», - деп хабар таратты 24kz телеарнасы. 

Осылайша, Спорттық арбитраждық соттың аппелляциялық бөлімі Ниджаттың тәртіп бұзғанын кезекті рет растап, іске нүкте қойып отыр. Яғни, Нижаттың допинг сынамаларды ауыстырғаны анықталған. 

«Бұл спортшы тарапынан жасалған алаяқтық», - деп жазылған арнайы мәлімдемеде. 

Енді Ниджатқа қатысты жаза сол күйі өзгеріссіз қалып, кәсіби түрде спортпен шұғылдануына еш мүмкіндік жоқ. 

30 жастағы ауыратлет 2015 жылы 77 келіде әлем чемпионы атанған болатын. Спорттық арбитраждық соттың аппелляциялық бөлімінің шешімі бойынша оның осы дәрежесі ғана өзгеріссіз сақталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам