Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Спорт министрі букмекерлік кеңселердің жарнамасына тыйым салатын заңның әзірленіп жатқанын айтты

13.12.2023, 13:38

Заң жобасында құмар ойын ойнаудың жас шегін өсіру мәселесі де қаралған

Спорт министрі букмекерлік кеңселердің жарнамасына тыйым салатын заңның әзірленіп жатқанын айтты
Фото ашық дереккөзден

Елімізде 350 мыңнан астам адам құмар ойынның құрбанына айналған. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеді. 

Ведомство басшысының айтуынша, ойын бизнесін реттеу туралы заңға қазір өзгеріс енгізілгелі жатыр екен. Ол бойынша құмар ойынды ойнаудың төменгі жас мөлшері 25 жас болып бекітіледі.

«Лудомания проблемасына қатысты қоғамдық резонансты ескере отырып, депутаттық корпуспен бірлесіп, құмар ойындарына шектеу қою үшін бірқатар заңнамалық түзетулер әзірленді. Біз жас шегін 25 жасқа дейін көтеруді, кез келген жарнамаға тыйым салуды қарастырып жатырмыз. Бұдан басқа, ойыншыларды теріс пайдаланудан қорғау үшін «жауапты ойын» халықаралық қағидатын енгізу жоспарланып отыр. Яғни адам борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген болса, оған құмар ойындарға қатысуға біржақты тыйым салынады», - деді Ермек Маржықпаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 

Министр ойын бизнесінің жосықсыз субъектілерімен белсенді күресу жалғасып жатқанын атады. Мәселен, 2023 жылы сотқа 14 талап-арыз жіберілді, нәтижесінде 7 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автоматтары залы жұмысын тоқтатқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам