Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстан үкіметі стриптиз бен петанг секілді спорт түрлерін енді қаржыландырмайды

13.12.2023, 17:47

Медаль беретін спорт түрлеріне акцент қойылады

Қазақстан үкіметі стриптиз бен петанг секілді спорт түрлерін енді қаржыландырмайды
Tengrinews

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы ел үкіметі 180 спорт түріне бюджеттен миллиардтаған қаражат бөліп келгенін айтып дабыл қаққан еді. Олардың қатарында стрип пластика (стриптиз – авт.), петанг, спорттық балық аулау секілді спорттың түрлері де бар.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен кездескен Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мемлекеттен қаржыландырылатын спорт түрлерінің саны біршама азаятынын айтты.

«Ресей – 31, Германия – 15, Нидерланды – 20 спорт түріне мемлекеттік бюджеттен қаражат бөледі. Осы спорттан олар медаль алады. Біз де сол жолға қазір келе жатырмыз. Олардың қатарында қысқы және жазғы олимпиадалық, паралимпиадалық, Азия ойындарына кірген спорт түрлері, сондай-ақ ұлттық ойындар бар. Нақты қандай спорт керек екенін анықтайтын боламыз. Керек еместеріне қаржы бөлу тоқтатылады», - деді Маржықпаев.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам