Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

6 дүркін әлем чемпионы атанған Садулаевқа рекордтық сыйақы берілді

07.11.2024, 11:11

Балуанға 50 млн теңге көлеміндегі қаржы табысталды

6 дүркін әлем чемпионы атанған Садулаевқа рекордтық сыйақы берілді
sport24.ru

Қазан айының соңында Тиранада күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында топ жарған ресейлік Абдулрашид Садулаевқа ең үлкен сомада сыйақы берілді.

Еркін күрестен 92 келіде белдесіп, қарымды қарсыластарынан басым түскен дағыстандық балуан өз мансабында 6-шы алтынына қол жеткізген еді. Биыл Еуропа чемпионаты, еуропалық іріктеу турниріне, Париж Олимпиадасынан шеттетілген балуан жыл соңында өзін басқа салмақта сынап көруге бел буған болатын.

Екі дүркін Олимпиада чемпионатына Албаниядағы жетістігі үшін Дағыстан күрес федерациясының президенті Омар Мұртазалиев тиісті 3 млн рубльдің орнына 10 млн көлемінде сыйақы табыстады. Бұл теңгеге шаққанда 50 млн теңге көлеміндегі қаржы.

Айта кететін жайт, Абдулрашид Садулаев еркін күрестен әлемдегі ең танымал балуан. Ол Рио және Токио Олимпиадасында топ жарумен қатар, әлем чемпионатына 8 мәрте қатысты. Оның 6-да топ жарса, 1 рет күміс жүлдегер атанды. Ал 2023 жылы Сербияда өткен біріншілікте ол өзінің жерлесі, Бахрейн атынан күресетін Ахмед Тажудиновке есе жіберген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам