Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Фёдор Емельяненко Шавкат Рахмоновтың болашағына қатысты болжамын айтты

08.11.2024, 21:04

Емельяненко Майк Тайсонмен өтпей қалған айқасы туралы да сауалға жауап берді

Фёдор Емельяненко Шавкат Рахмоновтың болашағына қатысты болжамын айтты
allboxing.ru

Аралас жекпе-жек өнерінің аңызы Фёдор Емельяненко қазақстандық Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі болашағын жарқын деп бағалады. Емельяненконың сөзінше, ол Рахмоновтың айқастарын қарап жүреді және әлем чемпионы атануға қауқарлы деп санайды.

«Мен оның жекпе-жектерін көрдім. Әлем чемпионы атана алады. Бәрі өз қолында», — деді Емельяненко.

Айта кетейік, Шавкат 7 желтоқсан күні америкалық Белал Мухаммадпен әлем чемпионы атағын сарапқа салуы керек еді, алайда оның қарсыласы аяғына операция жасатып, жекпе-жектен бас тартты. Енді UFC оған басқа қарсылас іздеп жатқан көрінеді.

Емельяненко Майк Тайсонмен өтпей қалған айқасы туралы да сауалға жауап берді.

«Шыны керек, не үшін өтпегенін білмеймін. Менің өкілдерім келіссөздер жүргізілгенін және оның оң болғанын, ал оның өкілдері келіссөз болмағанын айтады».

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам