Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Темірлан Көлбай самбодан әлем чемпионы атанды

08.11.2024, 21:22

Бүгін Қазақстан құрамасының спортшылары 4 қола жүлдеге ие болды

Темірлан Көлбай самбодан әлем чемпионы атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында басталған самбодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.

Спорттық самбодан аса ауыр салмақтағы Темірлан Көлбай (+98 кг) финалда моңғолиялық спортшы Пуревдорж Дамдинчуреннен басым түсті. Отандасымыз жарыс барысында Кеничи Накаяма (Жапония), Бред Флорес (Гондурас), Нұрбек Тураевты (Өзбекстан) жартылай финалда Степан Солдатенковты (FIAS) ұтқан.

Сондай-ақ бүгін Қазақстан құрамасының спортшылары 4 қола жүлдеге ие болды.

Спорттық самбо: Армат Қабдолов (58 кг), Арайлым Әбенова (+80 кг)

Жауынгерлік самбо: Құралай Кабрайқызы (54 кг), Маратбек Рахметоллин (64 кг);

Биылғы самбо бәсекесіне 80 мемлекеттен 470 спортшы жиналды. Ал еліміздің намысын 28 отандасымыз қорғайды. Жалпы 10 қарашаға дейін жалғасатын додада спорттық және жауынгерлік самбодан бөлек, зағип жандар (SVI-1) 31 жүлде жиынтығын сарапқа салатын болады.

Биылғы әлем чемпионатының ерекшелігі - әйелдер арасында жауынгерлік самбо мен зағиптардың сайысы бірінші мәрте енгізілуі.

ӘЧ-ның жалпы жүлде қоры 311 мың АҚШ доллары (1-орын - 4 000 доллар, 2-орын - 3 000 доллар, 3-орын - 2 000 доллар және зағиптар арасындағы чемпион - 1 000 доллар).

Осыған дейін Астанада 2005 жылы қарашада спорттық самбодан әлем чемпионаты өтіп, Ұлттық құрама 1 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль жеңіп алған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам