Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Илья Ильин алтын медальдан айрылған соң қалыпқа келу қаншалықты қиын болғанын айтты

10.11.2024, 16:36

Ол үшін ең ауыр кезең 2017-2018 жылдары болған

Илья Ильин алтын медальдан айрылған соң қалыпқа келу қаншалықты қиын болғанын айтты
sputnik.kz

Қазақстандық әйгілі ауыратлет Илья Ильин журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында Олимпиаданың қос медалінен айрылған кезде басынан өткерген қиындық туралы айтты. Спортшы алты жылдай күйзеліспен күрескен.

Есте болса, допинг қолданғаны үшін ХОК Илья Ильиннің 2008 және 2012 жылдары жеңіп алған Олимпиада алтынын кері қайтарып алған болатын.

«Қазір ойланып отырып, өте қиын болғанын түсінемін. Себебі алтын медальмен бірге бүкіл команданың күл-талқаны шыға бастады. Достарым, әріптестерім, жақындарым алшақтады. Проблемамен жалғыз қалдым деп айта алмаймын. Қолдан келгенше өз-өзіңді ұстау керектігін білесің. Қазір аяқта нық тұруым, сүйікті жар, әке және табысты адам болып қалуым бірінші кезекте отбасымның қолдауының арқасы. Сол кезде ешбір қиындыққа, сынаққа қарамастан, өмір бойы олимпиадалық тәртіппен өмір сүретінімді білдім. Өзіме босаңсуға, режимнен ауытқуға мүмкіндік берген жоқпын. Бірақ алдымен ішкі күйімді қалыпқа келтіруге көңіл аудардым.

Шыны керек, 2016 жылы не болып, не қойғанын түсінбедім. 2017 жылы ерекше қиналдым, осындай күйде 2018 жылды да өткіздім. Сосын басқа салада карьерамды бастап, көңілімді аудартуға тырыстым. 2022 жылы ғана өзімді жеңіл сезінгендей болдым», - деді даңқты ауыратлет.

Айта кетейік, Ильиннен Олимпиада алтынын тартып алса да, оның басқа жүлделері өзінде қалды. Мәселен, ол – әлемнің төрт дүркін, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам