Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстанда 23 мыңнан астам адам ММА-мен айналысады

11.11.2024, 12:42

Ресми 193 жаттықтырушы тіркелген

Қазақстанда 23 мыңнан астам адам ММА-мен айналысады
Қазақстан ММА федерациясы

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновдің Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтылған.

«Елімізде 2013 жылдан бастап ММА-ны ресми дамытуды аккредиттелген Қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы (бұдан әрі – ММА федерациясы) жүзеге асырады. 2019 жылы спорт түрлерінің тізіміне «кәсіби ММА» спорт түрі енгізілді. Қазақстанда 4 халықаралық клуб (Alash Pride, ОCTAGON PROMOTION, Naiza Fighting Championship, Еркін күш) қызметін жүзеге асырады. Бұл клубтар жеке заңды тұлғалар саналады және жеке қаражат есебінен қаржыландырылады», - деді Олжас Бектенов жауабында.

Бүгінгі күні елімізде 23 мыңнан астам адам шұғылданатын 592 секция жұмыс істейді. Оларды даярлаумен 193 жаттықтырушы айналысады. Өңірлерде аккредиттелген ММА федерациялары қызмет атқарады. Сонымен қатар облыстық жоғары спорт шеберлігі және балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде 13 ММА бөлімшелері (Абай, Атырау, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Шымкент қ.) ашылды.

Оның атап өтуінше, оқу-жаттығу жиындары, Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары тұрақты түрде өткізіледі. Барлығы 94 спортшыдан құралған ұлттық құрама командалары (оның ішінде жасөспірімдер – 30 адам, жастар – 32 адам, ересектер – 32 адам) жыл сайын әлем және Азия чемпионаттарына қатысады.

«Бүгінгі таңда ММА ұлттық құрама командасы Азияда 1-орынды және IMMAF-Халықаралық аралас жауынгерлік өнер федерациясының халықаралық ұйымына мүше 130 елдің ішінде әлемде 3-орынды иеленеді. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Парламент Мәжілісінің қарауындағы Заң жобасы аясында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын спорт түрлерін қысқарту жоспарлануда. Онда республикалық бюджет қаражаты есебінен тек ұлттық спорт түрлерін, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық, Азиялық, Азия Пара ойындарының бағдарламаларына енгізілген және жоғары спорттық нәтижелері бар спорт түрлерін қаржыландыру жоспарлануда. Баяндалғанның негізінде бұл спорт түрін дамыту жұмыстарын ММА федерациясы жалғастыратын болады», - деді Үкімет басшысы.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам