Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Әйгілі қақпашы Игита Қазақстан құрамасынан қашан кететінін мәлімдеді

14.12.2023, 09:01

Бразилия тумасы қазір 38 жасқа аяқ басты

Әйгілі қақпашы Игита Қазақстан құрамасынан қашан кететінін мәлімдеді
Instagram/leohiguita2

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі капитаны Игита өзінің болашағына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлады еліміздің Футзал федерациясының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, 14 желтоқсанда біздің құрама команда 2024 әлем чемпионатының іріктеу раунды аясында Астанада Нидерланды құрамасымен кездеседі.

«Мен қазір өзімнің спорттағы мансабымның соңғы кезеңіндемін. Бірақ, бұл менің ұлттық құрама үшін өткізіп жатқан соңғы жарысым деп айтпаймын, әлі үш жылдай ойнап беруге күшім жетеді. Үш жылдан кейін тағы Еуропа чемпионаты өтеді. Мен ол жақта да өнер көрсетсем бе деймін. Жыл өткен сайын менің нәтижелерім де төмендеп барады, алдыма қойған мақсатыма да жету қиындап келеді. Ал, әлем чемпионатында жеңіске жету – тек футзал емес, басқа да спортшылардың басты арманы және мақсаты.

Ұлттық құрамаға барымды салып көмектесемін. Сіздер мені алаңда өте белсенді қозғалып жүрегінмі көріп үйреніп қалдыңыздар. Бұл жолы да барымды саламын. Мен осы спортпен өмір сүремін және Қазақстан үшін алтын медаль әкелуге тырысамын», - деді Игита.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам