Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Он жыл күреспеген ресейлік легионер Қазақстан кубогын ұтты

14.11.2024, 00:49

Таразда өтіп жатқан Қазақстан кубогында грек-рим және әйелдер күресінен жүлдегерлер есімі белгілі анықталды

Он жыл күреспеген ресейлік легионер Қазақстан кубогын ұтты
olympic.kz

Әйелдер күресінен Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Елена Шалыгина Таразда өтіп жатқан Қазақстан кубогында топ жарды. 65 келіде белдескен легионер финалда Алматы облысының өкілі Айзада Амангелдіден басым түсті.

Шалыгина биыл ақпан айында 68 келіде Астанада ел чемпионы атанған. Осылайша Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін лицензиялық турнирге екі рет қатысып, іріктеу кезеңдерінде ұтылып қалған еді.

Ол 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында 63 келіде қола жүлдеге қол жеткізді. Кейін әлем чемпионаттарында күміс және қола медаль (2009, 2010 ж.) иеленді. Сондай-ақ, 2010 жылы Азия ойындарын ұтты. 2012 жылы Азия чемпионы атанғаннан кейін спорттан қол үзіп, он жыл үзілістен кейін Қазақстан ұлттық құрамасына қайта оралды. Сөйтіп, 2022 жылы Түркияда өткен Ислам ойындарында топ жарса, 2023 жылы Азия біріншілігінде үшінші орын иеленді.

Айта кететін жайт, Таразда өтіп жатқан Қазақстан кубогында грек-рим және әйелдер күресінен жүлдегерлер есімі белгілі анықталды. Олардың арасында биыл ел чемпионы атанған Лаура Ғаниқызы (50 кг) үшінші орынға тұрақтаса, жастар арасында әлем чемпионы атанған (2021 ж.) Нилуфар Раимова ұзаққа созылған сәтсіздіктен кейін ел кубогында жеңімпаз атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам