Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановтың әйелі ел кубогында жеңімпаз атанды

14.11.2024, 10:47

Олар бір шаңырақ астында тұрса да, екі облыстың атынан өнер көрсетеді

Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановтың әйелі ел кубогында жеңімпаз атанды
olympic.kz

Еркін күрестен Тиранада әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановтың әйелі де балуан, ол күні кеше Таразда өткен Қазақстан кубогында үздік шықты.

55 келіде белдескен Марина Седнева әйелдер күресінен кубок бәсекесінде қарсылас шақ келтірмеді. Ол финалда Айнұр Әшімованы қапы қалдырды.

Седнева Алматы облысының атынан өнер көрсетсе, оның күйеуі Қайпанов СҚО намысын қорғап жүр.

Седнева бұған дейін әлем чемпионатына қатысқан. Сондай-ақ, Азия біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері. 23 жасқа дейінгі жастар арасында екі мәрте әлем чемпионатында үздік үштікке енген.

Споршылар отбасы бүгінде бір ұл баланы тәрбиелеп отыр. Жұлдызды жұп 2020 жылдың соңында шаңырақ көтерген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам