Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Пара үстел теннисі федерациясының экс-президенті Перизат Қайрат екі айға қамалды

16.11.2024, 11:50

Оның қайырымдылыққа деп жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырғаны айтылды

Пара үстел теннисі федерациясының экс-президенті Перизат Қайрат екі айға қамалды
instagram.com/01pk/

Пара үстел теннисі федерациясының президенті болған Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 15 қарашада тергеу органдарына күдіктіге қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш түскенін хабарлады.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен күдікті Перизат Қайратқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Перизат Қайрат күні кешеге дейін Пара үстел теннисі федерациясының президенті болған. Бірақ ұсталғаннан кейін федерация кезектен тыс отырыс өткізіп, оны орнынан алып тастады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам