ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Абиба Әбужақынова жаңа атаққа ие болды

17.11.2024, 21:28

Енді ол Сметовтікіндей «алтын жазулы» кимоно киюді мақсат етіп отыр

Абиба Әбужақынова жаңа атаққа ие болды
Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Абиба Әбужақынова жаңа атаққа ие болды.

Ол ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атанды. Ал куәлікті Ақтөбеде өтіп жатқан ел біріншілігінде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыс еткен. 

«Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атандым. Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов куәлік табыстады. Сондай-ақ, Елдос ағам алтын нашивкасына қол жеткізді. Елдос ағамның жолын берсін деп ырымдадым», - деп жазды Абиба өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, Сметовке осы біріншілік аясында Халықаралық дзюдо федерациясы жіберген (IJF) арнайы «алтын жазу» табысталды. Енді Елдос алдағы төрт жылда барлық жарыста кимоносына Олимпада чемпионы екенін айғақтайтын арнайы жазуды тағып жүреді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам